Президент: Мешіт сала бергенше, мектеп, аурухана құрылысын қолға алу керек

Мешіт сала бергенше, мектеп, аурухана құрылысын қолға алу керек. Ұлттық құрылтайда елді елең еткізген жаңалықтың бірі осы болды. Президент көбіне қалталы азаматтардың сауап жинаймыз деп жаппай Алланың үйін салуға құмбыл боп кеткенін айтты.

Ал түптеп келгенде келешектің игілігіне қызмет ететін инфрақұрылымдар бізге қазір ауадай қажет. Сауабы да көл-көсір. Мемлекет басшысы еліктеушілік пен асыра діншілдіктің салдарынан қара жаулық жамылған қыз-келіншектерді де сынға алды. Қазақтың салт-санасымен біте қайнасып кеткен Әбу Ханифа мәзхабында дінді қорқынышты кейіпте көрсетпеген. Халқымыздың дүниетанымында да қара киімді тек отағасы қайтқанда ғана жесір әйелдер белгі ретінде таққаны белгілі. Сондықтан өзгенің салтын дәріптеп тұмшаланып жүргенше, ұлттық киімімізді қолданысқа енгізген артық етпейді деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті
— Әр қазақ ата-бабасын құрметтейді. Сондықтан сіз бен біздің ажырамас бөлігімізге айналған. Бірақ тек осы түсіністікпен шектеліп қалмауымыз керек. Ең бастысы, бұл мәселені ешқашан саясатпен араластыруға болмайды.

© КТК телеарнасы