Жастарға үлкен мүмкіндік

Жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;

Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды және үзіліссіз болуға тиіс.

Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы бес жыл ішінде оқуын аяқтаған және отыз бес жастан аспаған жұмыссыздарға арналған.

Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Жастар практикасын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар тізбесі:

Өтінішке мынадай құжаттарды:
1) жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі
2) еңбек кітапшасын (бар болса);
3) орта және жоғары оқу орнын аяқтағанын растайтын диплом көшірмесі.

Жолдама алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша мансап орталығына жүгіну қажет.