Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округінде жұмыртқа салуға арналған қорап шығаратын цех жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер Қ.Лайбекова «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін дамытып, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде «SADYK-BEREKE» ЖШС-і тәулігіне 35 мың дана қорап өндіреді.
Қазіргі таңда цех «Сарыағаш-Құс» ЖШС, «Бесқара» ЖШС, «Шымкент-Құс» ЖШС, «Яссы-Құс» ЖШС және «Тассай-Құс» ЖШС сынды ірі жұмыртқа өндіруші мекемелерге өз өнімдерін жеткізіп беруде. Ең бастысы, құс фабрикалары үшін қораптың бағасы тиімді.
Айта кетсек, жұмыртқа салуға арналған қорап өндіретін цех өз жұмысын 2021 жылы бастап, бүгінде 16 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі