«Қарызсыз қоғам» оқу семинарының сертификаттары табысталды

Қарнақ және Хантағы ауылында ұйымдастырылған “Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары өз мәресіне жетті. «AMANAT» партиясы, Halyk bank-пен бірге “Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында оқу семинарының сертификатын табыстау салтанатты рәсіміне қалалық мәслихат төрағасы Елеусізов Қаблан Жамалбекұлы және Түркістан облыстық мәслихат депутаты Садуов Талғат Нұрәліұлы қатысты.Аталған ауыл тұрғындарын оқытуды Алматы қаласынан келген лектор Жандос Брасилов өз жауапкершілігіне алған болатын.

Сондай ақ, қала ішіндегі Орталық аурухана мен қалалық емхана қызметкерлеріне оқуды аяқтағандығы жөнінде сертификатты табыстау рәсіміне қаламыздан қалалық мәслихат депутаты, Кенбаев Сұлтанғали Жанғалиұлы, және қалалық орталық аурухана басшысы Утебаев Асылбек қатысты.Қала ішіндегі аурухана қызметкерлеріне Исимова Сандуғаш Хамидуллиевна дәріс берді.

Қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйренген ауыл және қала тұрғындары, бұл жобаны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалы

x

Check Also

Түркістан облысында жылыту маусымының өту барысы тұрақты бақылауда

Түркістан облысы бойынша жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Облыста 1 жылу энерго орталығы, 34 орталықтандырылған және 1 622 автономды қазандық ...

Түркістан облысында 11 айда 414 шақырымнан астам жол пайдалануға берілді

Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды. Биыл облыстың автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 202 ...