Түлкібаста балаларға арналған дамыту орталығы ашылды

Бүгін Түлкібас ауданында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталықтың ашылу салтанаты өтті. Аталған орталықта логопед-дефиктолог, арт терапевт, муз терапевт, педогог-психолог мамандары қызмет атқарады. Айта кетейік, аталған нысан «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қолдауымен жүзеге асқан жоба.

Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, және нысанның ашылуына мұрындық болған «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ сатып алу жөніндегі бас директоры М.Мағжанов, «Самрұқ-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры корпоративтік қызметінің басшысы міндетін атқарушы А.Кемпірбаев, облыс мәслихатының депутаты И.Намазбаева қатысып, тұрғындарды орталықтың ашылуымен құттықтады.

-Ерекше күтімді қажет ететін балаларға қамқорлық жасау, олардың ата-аналарына моральдық тұрғыда демеушілік жасау – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Біз үшін балалардың бәрі бірдей. Олар – біздің болашағымыз. Сондықтан, ерекше күтімді қажет ететін балаларға қамқорлық жасау, мұқтажын өтеп отыру назарымыздан ешқашанда тыс қалмайды, — деді аудан әкімінің орынбасары Ербол Керімбекұлы

«Ақмейір» дамыту орталығы 150 балаға арналған. Сонымен қатар, орталықта ата-ананың қарауынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасының балдарына басымдық беріледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі