Алаяқтардың арбауына кімдер түседі?!

Кейінгі кездері алаяқтың түрлі айла-шарғысы көбейіп кетті.

Олар адамдарға банктен немесе полициядан қоңырау шалып тұрғанын айтып, түрлі сылтаумен ақша сұрайды.

Психолог Эльвира Сорокина айтуынша, телефон алаяқтарының айла-шарғысына жиі мына адамдар түсетінін айтты:

  • Мінезі қызба немесе мазасыз адамдар;
  • Сол сәтте өмірдегі жағымсыз жағдайды бастан өткеріп жатырған адамдар. Олардың психикасы сыртқы шабуылдарға әлсіз бола түседі;
  • Қарт кісілер. Олар бұл жаста өте сенгіш болып кетеді.

«Алаяқтар сендіру және манипуляция жасау техникасына ие, — деп ескертті психолог Эльвира Сорокина. — Диалог қорқыту негізінде құрылады. Адам оны тыңдаған кезде күйзеліс жағдайына түседі де, дұрыс ойлана алмайды және дұрыс шешім қабылдай алмайды. Сол кезде алаяқ оған жағдайдан шығудың дайын шешімін ұсынады. Біздің миымыз мұндай сәтте аз қарсылығы бар жолды таңдауға бейім келеді, сондықтан ол алаяқ ұсынған дайын нұсқаманы орындауға дайын болады».

Осындай күрделі кезде телефон алаяқтарын қалай анықтауға болады?

Психолог сізге біреу таныс емес нөмірден хабарласса, оны мұқият тыңдауға кеңес берді.

«Егер сөйлесуші әңгіме бойы зейінді өзіне қойса, проблеманы шешуді ұсынса, бұл жағдайда полиция, дәрігер және басқа мамандарды қоспай-ақ қалай шешуге болатынын білетінін айтса, оның сізді алдағысы келу мүмкіндігі жоғары», — деп түсіндірді психолог.