Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне ота жасатты

Астанада Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа операция жасалды. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті аяқталды. Тұңғыш президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ол бақылауда. Операция Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында атақты кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен өтті», – деп жазды Айдос Үкібай.

Бұған дейін экс-президенттің ауруханаға жатқызылғаны жөнінде «Хабар 24» телеарнасының бұрынғы директоры Александр Аксютиц мәлімдеген еді.

x

Check Also

Казахстанская разработка для трансплантации сердца представлена на Expo-2025 в Японии

Команда врачей и инженеров Центра Сердца UMC под руководством Юрия Пя представит на Expo 2025 в Осаке уникальную медицинскую разработку ...

Школьник из Астаны стал чемпионом Азии по шахматам

На прошедшем в Алматы чемпионате Азии по шахматам ученик 10 класса столичной школы завоевал золото и путевку на мировое первенство, ...