Түркістандық параспортшыларға құрмет көрсетілді

IWAS дүниежүзілік ойындарында жүлдегер атанған түркістандық параспортшыларға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев құрмет көрсетіп, арнайы спорттық киім табысталды.

Португалияның Вила-Реал-ди-Санту-Антониу қаласында өткен сайыста ел намысын қорғаған Мұқан Айтмырзаев найза лақтырудан, Темірбек Тоғанбай 100 метр қашықтыққа жүгіруден және диск лақтырудан, Шахрух Санвар 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіру мен ұзындыққа секіруден қола медальға қол жеткізді.