Түркістанда қысқы қала біріншілігі өз мәресіне жетті

Жиырмасыншы қарашадан басталған Түркістан қаласының қысқы ойындар біріншілігі өз мәресіне жетті.

Шарада шаһардың алты сектор тұрғындары бақ сынасты.

Қатысушылар шарада шахмат, гір тасын көтеру, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, футбол ойындарымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен: тоғызқұмалақ, қол күрес пен асық атудан жарысқа түсті.

Жүзге жуық тұрғын күш сынасқан жарыстың мақсаты — облыс орталығындағы бұқаралық спортты дамыту мен қала тұрғындары арасында спортты дәріптеу, насихаттау.

Жарыс нәтижесі бойынша:
1 — ОРЫН : «Шауғар» секторы
2 — ОРЫН : «Яссы» секторы
3 — ОРЫН : «Бірлік» секторы тұрғындары иеленді.