Түркістан қаласында әлеуметтік қамтамасыз ету бағытында нәтижелі істер атқарылып жатыр

Түркістан қаласы әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы Бейсенова Элмира Тұңғышбайқызы бөлімде атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Мәліметке сәйкес, бөлімде халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 5 бағытта жүргізіледі.

Атап айтқанда:

— еңбек қатынастарын үйлестіру;

— аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау;

— мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау;

-Азаматтық хал-актілерін тіркеу;

-Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту.

 

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізіміліне сәйкес 22 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіліп, қызмет мерзімінде орындалуда. Атап айтқанда:

Азаматтық хал актілерін көрсету секторында — 9;

Жұмыспен қамту және жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету секторында — 8;

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтару —1;

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында –3;

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша – 1 қызмет.

2022 жылдың 11 айында  жалпы  21143мемлекеттік қызмет көрсетілген (тікелей бөлім арқылы-1698, ХҚКО арқылы-10929, электронды үкіметтің порталы арқылы -8516 қызмет ).

Оның ішінде:

—  Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша-12 988 қызмет;

— Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік көмек көрсету саласы бойынша — 3917 қызмет;

— жекелеген санаттағы азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету саласы бойынша-3781 қызмет;

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында –337 қызмет;

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша – 4037 қызмет.

 

  1. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» N 246 Заңы, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» № 1032 қаулысы, ҚР Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшем шарттарын бекіту туралы» N 29-ө бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» N 237-ө бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 320 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

 

2022 жылдың басынан бері 11 айдың қорытындысымен  4106 отбасына (22 655 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төлем жасалынған.

2022 жылдың 1 тоқсанына 2 371 отбасына (13 074 адам) тағайындалған.

2022 жылдың 2 тоқсанына3 201 отбасына (17 584 адам) тағайындалған. 2022 жылдың 3 тоқсанына2 505 отбасына (13 965 адам) тағайындалған.

Әр тоқсан сайын кедейшілік шегі көтерілуіне байланысты өтініш берушілер саны артып отырған.

  1. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) бойынша:

2022 жылдың басынан бері 10 айдың қорытындысымен 3471  балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама  тағайындалып, төлем жасалынған.

2022 жылдың 1 тоқсанына 3 477 балаға (1-3/ 1605; 3-6/1872; 1-6/3477) 27 тағайындалған.

2022 жылдың 2 тоқсанына 3 371 балаға (1-3/ 1644; 3-6/1727; 1-6/3371) тағайындалған.

2022 жылдың 3 тоқсанына 3 927 балаға (1-3/ 1853; 3-6/1945; 1-6/3798) тағайындалған.

2022 жылдың 4 тоқсанына 3471 балаға (1-3/ 1684; 3-6/1787; 1-6/3471) тағайындалған.

 

  1. Демеушілер есебінен көрсетілген әлеуметтік көмек бойынша:

2022 жылдың басынан бері 11  айдың қорытындысымен 1085 отбасыға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілген.

Бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 237 отбасыға, секторлардың ұйымдастыруымен 857 отбасыға, оның ішінде:

-Отырар м/а-195 адам;                              -Бекзат м/а-150 адам;

-Шавгар м/а-130 адам;                              -Сауран м/а-189 адам;

-Яссы м/а-106 адам;                                   -Бірлік м/а-87 адам.

Демеушілер есебінен 1 281 балаға киім-кешек берілген.

 

Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу сатылары:

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін егов порталы

арқылы немесе халықтық кеңсеге барып ЭЦП ключпен өтініш береді. (өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің счет номерін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттары қажет).

2)Өтініштер бір күн ішінде жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі-орталық) түсіп, учаскелік комиссия төрағасына жолданады және комиссия 7 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтап, комиссия қорытындысымен жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

3)Орталық бір күн ішінде шешім жобасын қабылдап, уәкілетті органға құжаттарды хатпен жолдайды.

4)Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту және құжаттарды қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Құжаттарды қайта қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салу қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жазбаша хабардар етіледі, сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады.

5)Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан  шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді.

6)Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.

 

2.Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы

«Ардагерлер туралы» ҚР 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VІ Заңы, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 1992 жылғы 18 желтоқсандағы  N 1787-ХІІ Заңы ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» N 39 Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» № 26 бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № 84 бұйрығы.

 

Мүгедектігі бар азаматтардың жалпы саны-9523 адам.

Оның ішінде оңалтудың 5433 мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы түзілген. Қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасының орындалуы 74,6 пайызды құрайды. Жалпы жыл басынан мүгедектігі бар азаматтардың жеке бағдарламасына сәйкес 5680 құралға өтініш білдіріп, 4237 қамтамасыз етілген.

Оның ішінде:

  • Протез-ортопедиялық құралдарға 814 адам өтініші білдіріп, 498 қамтамасыз етілген (61,2℅)
  • Сурдо-техникалық құралдарға 210 адам өтініші білдіріп, 153 қамтамасыз етілген (72,9℅)
  • Тифло-техникалық құралдарға 419 адам өтініші білдіріп, 331 қамтамасыз етілген (79℅)
  • Арнаулы жүріп-тұру құралдарына 333 адам өтініші білдіріп, 312 қамтамасыз етілген (93,7℅)
  • Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 1360 адам өтініші білдіріп, 645 қамтамасыз етілген (47,4℅)
  • Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне 407 адам өтініші білдіріп, 404 қамтамасыз етілген (99,3℅)
  • Ымдау тілі маманының қызметіне 118 адам өтініші білдіріп, 98 қамтамасыз етілген (83,1℅)
  • Міндетті гигиеналық құралдарға 2019 адам өтініші білдіріп, 1796 қамтамасыз етілген (89,0℅)

 

 3.Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту туралы

Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер бұл — өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені.

Сондай-ақ, Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бұл — қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда (бұдан әрі – үйде қызметтер көрсету ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді.

 

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Үйдеәлеуметтіккөмеккөрсету  бөлімшесінде әлеуметтік қызметкерлер саны – 27 ( 1-меңгеруші,1-кеңесші,29 әлеуметтік қызметкерлер).

Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедек балаларды күтушілер – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде  37  жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 108 мүгедектігі бар балалар, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі  шектеулі 5 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы 150 адамға әлеуметтік  қызметтер көрсетілді.

-2022 жылы үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер 300, қамтамасыз етілгені 300;

Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не  әлеуметтік қызмет алуға  75 мүмкіндігі шектеулі  бала  кешенді қызметтермен қамтылды.

2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым  70  ерекше балағакүндізгі бөлімшеге   арнаулы  әлеуметтік қызметтерді  ұсынып келеді.

 

4.Азаматтық хал-актілерін тіркеу жұмыстары бойынша

Түркістан қаласының АХАТ сектор қызметкерлері, 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасыменжұмыс  жүргізеді.

Қазақстан  Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы » туралы Кодексі —  неке — отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

          Неке (ерлі-зайыптылық) дегеніміз–ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.

          Ал, отбасы дегеніміз – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы.

         Келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексінің  91-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің  1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым қатынастар мен құқықтық көмек туралы» Конвенцияға сәйкес (Конвенция о пpавовой помощи и пpавовых отношениях по гpажданским, семейным и уголовным делам) өзге мемлекеттерден  келіп түсетін азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты тапсырыстар ұлттық заңнамаға сәйкес  мерзімінде орындалады.

 

Нақтырақ айтатын  болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы, тегін, атын, әкесінің  атын  өзгертутуралы  хал  актілерін  тіркейді.

Атап айтқанда, 2022  жылдың  11  айында  — туу туралы — 7291, оның ішінде  өлі  туылғандар – 104; неке қию туралы -1725, оның  ішінде  шетел азаматтары -19; қайтыс болу туралы –871, оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар – 63; неке бұзу туралы – 61, оның ішінде сот шешімі бойынша – 22;  тегін, атын, әкесінің  атын –28  тіркелді.

Сондай-ақ, күрделі істер, оның ішінде — түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы  істердің  саны –342, жою туралы  істер – 15,  тууды мерзімі өтіп тіркеу істері –1,  ТАӘ  өзгерту  туралы  істері  — 31.

Сонымен  қатар, анықтамалардың саны –1242,  қайталама  куәліктердің  саны –1554.

2022 жылдың  11 айында  ҚР–ның  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің  491- бабына сәйкес  әкімшілік  іс  қозғалмады.

 

  1. Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша

Мемлекет басшысының 2021 жылғы № 622 Жарлығына сәйкес 01.01.2022 жылдан ҚР ІІМ-нен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға еңбеші көшіп келушілерге рұқсат беру функциялары берілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» № 123 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап қызмет көрсетудеміз

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту бойыншаТүркістан қаласында 11 айында барлығы 3640 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

 6.Пробация жұмыстары:

Еңбек қатынастарын үйлестіру жұмыстары келесі нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады: «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы»№ 412 бұйрығы.

 

Еңбек қатынастарын үйлестіру жұмыстары келесі нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады: «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы»№ 412 бұйрығы.

Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметі есебінде жалпы 196 адам есепте тұрады, оның ішінде 137 адамға пробациялық бақылау белгіленген.

Түркістан қаласы әкімдігінің 02 ақпан 2022 жылғы №300 «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,  жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына  квоталар белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға 5 мекемеге 9 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыу үшін 4 мекемеге 7 орынға квота белгіленген.

Қазіргі таңда 13  жұмыс орындарына квота бойынша жолдама беріліп, жоспар  81,2  пайызға орындалған.

Сонымен қатар, пробациялық бақылаудағы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде. Жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында 15 сәуір 2022 жылы Бизнесті қолдау және туризм бөлімі тарапынан өз жеке кәсіпкерлігін ашуға жеңілдетілген несиелер және гранттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

14.06.2022 жылы Түркістан қалалық пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларға жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту салалары бойынша кездесу ұйымдастырылып, 60 сотталғандар қатыстырылды.

16 мамыр 2022 жылы есепте тұрған тұлғалармен теологтармен кездесу ұйымдастырылды.

Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан пробация қызметі есебіндегі     А. Тенлибаеваның Төле би атындағы №19 жалпы орта мектепте оқитын 7, 8 сынып балалры ағымдағы оқу жылында  киім-кешекпен қамтылған.

Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғалардың рухани дамуына және патриоттық сезімін ояту мақсатында 21.03.2022 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің спорт және мәдениет бөлімімен бірлесіп Наурыз мерекесі қарсаңында спорттық және мәдени іс шара өткізілді.

20.04.2022 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 10 сотталғанға ауқымды азық-түлік пакеті берілді.

Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен 26.06.2022 жылы өткізілетін цирк іс-шарасына сотталғандардың балаларына 50 билет берілді.

Түркістан қалалық, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 8 шілдеде кіші футболдан жарыс өткізілді.

  1. Аға ұрпақ өкілдері туралы және оларды әлеуметтікқолдау шаралары туралы

Түркістан қаласында 14523 зейнеткер тұрады. Оның ішінде;

  • Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектері -3
  • соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер — 382;
  • тыл еңбеккерлері-384;

 

Көп балалы аналар-13291. Оның ішінде:

  • алтын алқа-621;
  • күміс алқа-2324;
  • батыр аналар-75;
  • 1-2 дәрежелі ана даңқы орденімен марапатталған аналар-106;
  • 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны-10165

 

Қала деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында  жолдамамен қамтамасыз етілген.Атап айтқанда:

2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерге 500 жолдама бөлініп,(«Ардагерлер» үйіне 260, «Мейір» ардагерлер үйіне 240 жолдама) ағымдағы жылдың «Мейір» ардагерлер үйіне -192, «Ардагерлер»  үйіне -208 жолдамамен қамтамасыз етілді.

— 4 ардагер  басылымға тегін жаздырылды.

15 ақпан Ауған әскерлерінің шығарылуына 141 ауған соғыс ардагерлеріне 35 АЕК – 15115,9 мың теңге;

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне 3089 көп балалы аналарға 2 АЕК -18923,2мың теңге;

7 мамыр отан қорғаушылар күніне 381 ҰОСА теңестірілгендерге 25 АЕК -30289,5мың теңге;

9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне 4 ҰОС ардагеріне  1000,0 мың теңге -4000,0мың теңге;

419 тыл ардагерлеріне 30,0 мың теңге -12570,0мың теңге;

17 қайтыс болған ҰОСМ әйелдеріне 30,0 мың теңге, жалғызлікті 32 қартқа 1 АЕК -510,0мың теңге;

Иммун тапшылығымен ауыратын 8 балаға екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі -3479,6мың теңге;

Туберкулез ауруымен ауыратын 52 адамға 5 АЕК -5623,8 мың теңге;

 

  1. Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы туралы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.02.2021 жылғы «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №47 бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу тапсырылған.

Ардагерлермен мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекетіміздің саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

     «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мақсаты зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау. Өзіне-өзі қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-білім беру, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты пайдалы өткізудің кешенін ұсыну, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту.

Осығанорай,Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік меншігіндегі Түркістан қаласындағы, О.Мұсабекова  көшесі,№2Аүйде орналасқан ғимараты (ғимараттың ауданы 863,5 шаршы метр)белгіленді.  2021 жылы 13 желтоқсан күні №2224 Түркістан қаласы  әкімдігіменқаулы шығарылды.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 14 915 мыңнан астам зейнеткерлер тұрады.Орталықта күнделікті  60-70 зейнеткер тиісті қызметтерін, бір айда 160 адам қызметтермен қамтылады.Жыл басынан жоспар бойынша 360 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 300  адамға қызмет көрсетілуде,  немесе    83,3 % құрады.  Орталықта 7 бағыт бойынша қызметтер ұйымдастырылады (әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-ағартушылық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-демалыс).

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.Көрсетілетін қызметтің 7 бағыты  бойынша осы кезге дейін  2581 қызмет  көрсетілді.

13 желтоқсан 2021 жылы Түркістан  қаласы әкімдігінің № 2224 Қаулысымен мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы құрылды. Оның құрамында:

 «TEN QOGAM» бөлімшесі жеке тәсілді еңгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.

Түркістан қаласындағы, О.Мұсабекова  көшесі,№ 2Аүйде орналасқан ғимараты (ғимараттың ауданы 454,7 шаршы метр)белгіленді.

Жыл басынан жоспар бойынша 300 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 200 адамға қызмет көрсетіліп келеді, немесе    66,7 % құрады.  Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт(әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-ағартушылық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-демалыс) бойынша  801  қызмет  көрсетіліп келеді.

Қызмет көрсету бойынша жеті бағытта:  қызмет көрсетіліп,  9 іс-шара өткізіліп,  жұмысқа орналасқан 10  адам, Бизнес тренг бойынша 49 адам курс оқып, оның нәтежесінде 11  адам грандты  ұтып алды.