Еліміздің бірлігі мен біртұтастығын сақтаудың көрінісі

Қасіретті қаңтар оқиғасы қазақ еліне сын болды. Осы қаралы оқиғаның бір жылдығы қарсаңында Алматы қаласында қаза тапқандарды еске алуға арналған «Тағзым» мемориалы ашылды.

Ол рас, жыл басында еліміз бір сәтте есеңгіреп қалды. Бұл оқиға шуақты күннің қадірін ұғындырды. Шеруге қатысушылар арасында арандатушылық жасағандар болды. Адамдар арасында араздық тудырып, ел ішіне іріткі салды.

Алайда, ұлт тағдыры, ұрпақ болашағы талқыға түскен тарихи сәтте бейбіт халқымыздың байсалдылығы, ел басшылығының батыл қа-дамдары елдікті сақтап, мемлекетімізді тұрақты қалыпқа қайтарды. Қиын-қыстау күн туғанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев батыл әрекеттерге көшіп, ел бірлігін сақтап қалуда нақты қадамдарға барды. Ынтымағымыздың арқасында елімізді содырлардың лаңынан сақтап қалдық. Мызғымас бірліктің нәтижесінде мемлекетімізді қорғадық.

Егемендік – бәріміз үшін қымбат. Біз үшін Отан қымбат. Елдегі бірлік қымбат. Біз ендігі кезекте бұндай қателіктерді қайталамауыз керек. Келер ұрпақ алдында жарқын естеліктер қалдыру үшін жұмыс істеуіміз қажет.

Жарылқасын ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВ,
Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы