ВОЛЕЙБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шымкент каласында волейболдан 2008-2009 жылы туылған ұлдар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Волейболдан өткен елшілік жарысқа республикамыздың барлық аймағынан іріктелген командалар қатысып, жеңімпаздарды анықтады.
Тартысты доп додасында Түркістан облысының волейболшылары ақтық сында «Астана» командасымен кездесіп, түркістандықтар жеңіске жетіп, республикалық чемпионаттың жеңімпазы атанды. Ал, екінші орынды елордалық волейболшылар еншілесе, үшінші орынға Жетісу облысының командасы иелік етті.
Айта өтерлігі, волейболдан өткен Ел чемпионатында топ жарған Түркістан облысының командасы облыстық №2 олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.