«ТҮРКІСТАНЫМ — ТҰРАНЫМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУІ ӨТТІ

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында «Түркістаным-Тұраным» қолөнер шеберлері, фотокөрме, суретшілер көрмесі байқауы жарияланған болатын. Аталған байқаудың жуырда іріктеу кезеңі өтті.
Жалпы, байқаудың негізгі мақсаты — ұмыт болып бара жатқан қолөнерді дамыту мен жандандыру, ел ішінде елеусіз жүрген қолөнер шеберлері мен ісмерлер, фото суретшілер мен қылқалам шеберлері өздері әзірлеген бұйымдарды, тұрмыстық заттарын көпшілікке ұсыну, жаңарған Түркістанның көрікті жерлерін бейнелеу, фотоға түсіру және кескіндеу, ел ішіндегі дарынды қолөнершілер, фото және суретшілерді анықтау болатын.
Осыған сәйкес қатысушы үміткерлерден туындылар келіп түсті. Оның ішінде 13 суретшілер жұмысы түссе, 17 қолөнер шеберлері өз жұмыстарын ұсынған, фотосурет жанры бойынша 4 жұмыс келіп түсіпті. Жұмыстардың барлығымен танысқан қазылар алқасының құрамы жан-жақты сараптап, үздіктерін іріктеуден өткізді.
Әділ-қазылар құрамында Педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Бейнелеу өнері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ауелбеков Ержан Бураханович, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Спорт және өнер факультетінің аға оқытушысы, Оңтүстік Қазақстан суретші-педагогтар одағының мүшесі, суретші-қолөнерші Абдуллаева Гульнар Дайрабаевна, М. Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кошенова Кулаим Сапашовна болды.