ТҮРКІСТАНДЫҚ СУ СПОРТЫНЫҢ МАМАНДАРЫ СЕРБИЯЛЫҚ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының төрағасы Д.Қ.Жарменов Сербиялық маманмен, Қазақстанның байдарка мен каноэдан ұлттық құрамасының кеңесшісі-жаттықтырушысы Александр Пе́тровичпен кездесу өткізді.
Қазақстандық команданың тәлімгері алдағы жарыс сезонына дайындық туралы баяндады, ұлттық құрамада сапындағы Түркістан облысының спортшыларына жақсы баға берді, команданың алдында тұрған мақсаттар мен тапсырмаларды орындауға тоқталды.
Әңгіме барысында Түркістан қаласында салынып жатқан олимпиадалық стандарттарға сай келетін ескек есу каналына ерекше назар аударылды.
Александр Пе́трович бұл жобаның іске асуында Түркістан облысының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының қосқан үлесін жоғары бағалады.
Өз кезегінде қауымдастық төрағасы ескек есуді дамыту бойынша жұмыстарға, спортшыларды дайындауда озат ғылыми зертеулердің қолданылатынына тоқталды. Кездесу соңында
Д.Жарменов Александр Пе́тровичке өзінің «Байдарка мен каноэда жоғары дәрежелі спортшылардың жарысалды жай-күйін оңтайландыру» тақырыбына жазылған докторлық диссертациясының бір данасын сыйға тартты.