ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ: 9 АЙДАҒЫ КӨРСЕТКІШ ҚАНДАЙ

Түркістан қаласының аумағында 33 937 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа тұтыну мөлшері сағатына – 48,8 МВт.
Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп 90% жұмысы орындалды және 3897 абонент сапалы электрге қол жеткізді. Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 84,9% дан 94,7% артты.
Сонымен қоса 3 нысанда әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қосымша 9669-дан астам абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі.