ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯ ДИСПАНСЕРІНДЕ МАСТЕР-КЛАСС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облыстық тері-венерология диспансері диспансерінде «Дерматохирургия бойынша практикалық семинар. 2022 жылы дерматологиялық көмек стандарты» атты мастер-класс болып өтті.

Курстың оқытушысы Бостон университетінің Медицина мектебінің және Тафтс Медицина мектебінің клиникалық дерматология профессоры — доктор Нелли Конников болды.

Іс-шараға 20 дерматовенеролог дәрігер қатысты. Олар курс барысында дерматолог дәрігердің жұмысындағы шағын хирургиялық араласулардың рөлі туралы білім алды, сондай-ақ тері биопсиясы процедурасын жүргізу бойынша практикалық оқудан өтті.