«ЖЫЛУ МАУСЫМЫ 2022-2023» ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ

Берілді осы анықтама «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, сенім басқару құқығымен Орталық қазандық 1 (5 қазан) дана, Отырар мөлтекауданында      2 (9 қазан) дана, Мәдени  рухани орталығында 1 (5 қазан) дана және Әкімшілік іскерлік орталығында 6 (34 қазан) дана, жалпы                     10 (53 қазан) дана модуельды қазандық блогі бар.

Түркістан қаласы бойынша қаламыздағы І-ші мөлтекауданда 58 дана,                       ІІ-ші мөлтекауданда 15 дана, ТГЖД аумағында 2 дана, Отырар мөлтекауданында  38 дана, Әкімшілік іскер орталығында 42 дана жалпы                     155 дана көпқабатты тұрғын үйлер (7798 пәтер) орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі.

Одан бөлек І-ші мөлтекауданда 28 бюджеттік пен 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйлерде және Мәдени  рухани орталығында                    11 нысан орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.

Жылу энергиясының тарифтік көрсеткіші дифференцировандық түрде жылу пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бұйрығына бекітілген.

Кәсіпорында жылу беру маусымында 146 штат бірлігімен жұмыс атқарады, 2022 — 2023 жылғы жылу беру маусымында бекітілген ереже мен нормативтерге сәйкес үздіксіз жұмыс атқарады.

2022 жылдың 27 қазаннан бастап қала бойынша 2022 – 2023 жылғы жылу беру маусымы басталды.

Әкімшілік іскер орталығында 64 дана көпқабатты тұрғын үйлер толығымен жылу энергиясы қамтамасыз етіліп тұр, одан 42 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етілуде.