ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Қайырымдылық жасап, қолдау көрсету қазақтың қанында ежелден бар қасиет. Осы ұстанымды өмірлік ұран еткен «Бірлік» секторының кәсіпкерлері бір отбасыға үй сыйлады.
Сәулетті үйдің кілті үш баланың әкесі Ешметов Марипжанға бұйырды. Оның екі бірдей баласы мүмкіндігі шектеулі болып туған.
– Баспаналы болу әрбір жанның арманы ғой. Мен үшін күтпеген сәт болды. Ішкі сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осы уақытқа дейін жеке үйім болса деп тілеп келдім. Ізгілікке толы істері тоқтамай жалғасын тапсын. Бұл қуанышымды қалай жеткізерімді де білмеймін. Сіздерге алғысым шексіз. Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын, – дейді баспана иесі.
Жалпы “Бірлік” секторының қайырымды жандары мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы, жалғызбасты аналарға, үй немесе жер телімін алып беруге, үй салуына көмектесуді дәстүрге айналдырған.
Олай болса қаншама жанның армандарының орындалуына әрбір азамат себепкер болуға ұмтылса, нұр үстіне нұр болар еді.