Өңірлердің үздік тәжірибелері: Түркістан емханасындағы медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша тәжірибе

Бас дәрігер Райымбек Берікұлы Тасырбаевтың басшылығымен Түркістан облысы әкімдігі қоғамдық денсаулық басқармасының «Түркістан қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-де үздік практика орталығының енгізілуімен негізгі индикаторлар бойынша шағымдар айтарлықтай төмендеді.

Осылайша, пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі жұмысының арқасында пациенттердің мемлекеттік атқарушы органдарға жүгіну көлемі азайды.
Атап айтқанда, «дәл қазір және дәл осы жерде» қағидаты бойынша жұмыс істей отырып, тіркелген өтініштердің саны 2021 жылмен салыстырғанда 37 жағдайға, яғни 78-ден 41 жағдайға төмендеді. Пациенттердің пікірлері бойынша жүргізілген талдау арқылы проблемалық мәселелерді жедел шешу халықтың медициналық көмекке қанағаттану деңгейін 2021 жылғы 78% — дан 2022 жылы 91% — ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Ерлер мен әйелдерге арналған жеке қарау және дәрігерге дейінгі кабинеттер ұйымдастырылды, олардың қызмет көрсету саны ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2 есеге артты. 2021 жылы 15924 адам қаралса, 2022 жылы 32388 азамат тексерілді, онкологиялық ауруларды анықтау саны 962-ден 1692-ге дейін артты. Бұл І-ІІ сатыдағы онкологияны анықтау үлесін 2021 жылы 46,3% — ға, 2022 жылы 64% — ға арттыруға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, қалалық емханада ауруларды басқару бағдарламасы бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Мәселен, созылмалы аурулар бойынша жеке емдеу жоспарының бағдарламасын жиі бұзатын пациенттерге еске салулар түрінде жалпы жағдайын бақылау және дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау үшін смарт-сағат беріледі. Аталған жоба енгізілгеннен кейін емдеу жоспарын бұза отырып диспансерлік есепте тұрған науқастар арасында қан айналымы жүйесінің ауру фактілері 143 жағдайға, 2022 жылы 43 жағдайға, 2021 жылы 186 жағдайға азайды.
Бұдан басқа, патронаждың әмбебап прогрессивті моделін енгізумен учаскелік қызметтің жұмысы, әсіресе тәуекел тобы бар балалардың патронажы жақсарды. Жауапты маманның бақылауымен қызыл, сары, жасыл санаттағы балалармен тікелей жұмыс істейтін медбикелер балалардың жағдайын күнделікті бағалауды және қызыл санаттағы балалар арасында жоғары қауіп факторларын іріктеуді жүргізеді. Осының арқасында 2022 жылы сәбилер өлімі фактілерінің саны 2021 жылмен салыстырғанда 9 жағдайға азайды (0-1 жас: 2021 ж – 16, 2022 ж — 7 жағдай) және 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша үйдегі өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.