МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының еңбек ұжымына директор А.Бейсенбаев МӘМС туралы заңға енгізілген өзгеріс дербес төлеудің тиімді тұстарына қатысты түсіндірді.

-Пациент жарнаны айға, тоқсанға немесе жүйелі түрде төлеуді жалғастыруына болады. Не болмаса алдыңғы 12 айға бірден төлем жасайды. Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Сақтандыру мәртебесін алу үшін алдағы 12 айға төлем жасауға болады. Яғни, МӘМС жүйесі үшін жарнаны тұрақты төлемейтіндер осы механизмді таңдауына болады — деді, филиал директоры.

Төлемдердің мөлшері ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленеді. Қазіргі уақытта дербес төлеушілер 60 мың теңгенің 5% — ын төлейді, бұл 3 мың теңгені құрайды. Егер пациент осы жылы жарнаны төлейтін болса, келесі жылы жарнаның қолданыстағы мөлшерін ескере отырып төлеуі қажет.

Бұл төлемдерді қайтаруға болмайды. Егер адам бір кезеңде жарнаны екі рет төлесе, төлем жасау кезінде қандай да бір қате жіберсе қайтарып алуына болады. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазып, қаражатты қайтару үшін растайтын құжаттарды қоса жолдайды.