ЖҮЗУДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Әліпбек Шәріпбекұлын еске алуға арналған Республикалық жүзуден турнир бастау алды
Бүгін Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су-спорт кешені» Мемлекеттік кәсіптік қазыналық кәсіпорында 2022 жыл «Балалар жылы» аясында жүзуден 2008-2009 және 2010 жылғы одан кіші жасөспірімдер ұлдар және қыздар арасында Түркістан қаласының құрметті азаматы, Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевты еске алуға арналған Республикалық турнир болып өтті. «Орталық су-спорт кешенінің” директоры, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғалымжан Батырханұлының бастамасымен турнир жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.
❇️Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевты еске алуға арналған Республикалық жүзуден турнирге қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары Айдос Қалтаев, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Бертаев Айтмұхаммед, Қалалық мәслихат депутаты Ардақ Үсенұлы мен қаланың бас имамы Мұхаммеджан Ергешбайұлына сөз берілді. Сонымен қатар, республикалық турнирге Әліпбек Шәріпбек ағамыздың қарындасы Өсербаева Гүлбану және інісі Шәріпбеков Болысбек мырза қадірлі қонағы болды. Жиынға қатысып, сөз сөйлеген азаматтар өз естеліктерімен бөлісе отырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Шараның ашылу салтанатына қаламыздың мәдениет майталмандары әннен шашу шашып, арнайы арнау өлеңдерін домбырамен тарту етті. Жарысқа еліміз көлемінде, Шымкент, Қызылорда, Кентау, Сарыағаш сынды қалалардың жас жүзу шеберлері өзара сынға түсті. Сайыстың нәтижесі алдағы уақыттарда анықталады.
Айта кетейік жарыс барысында Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевтың рухына құран бағышталып, ас берілді.