ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДАН КӨРІНДІ.

Қараша айының 6-8 күндері Шымкент қаласында қазақ күресінен 2003-2004 жылы туылған жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа республикамыздың түкпір — түкпірінен келген бол кілем шеберлері бас қосты. Осы жарыста 66 кг салмақта Нұрманов Қабылбек алтыннан алқа тағынса және Амангелді Сәуірбай 66 кг салмақтың күміс жүлдесін жеңіп алды. Ал 100 кг салмақта Сайлаубек Рамазан күміс жүлдені еншіледі.
Жерлестеріміздің жеңістері құтты болсын дей отырып алдағы уақытта да жеңісті күндерден көріне беруіне тілектеспіз!!!