Жанардың көруін жақсарту үшін не істеу керек?

Көздің көруін жақсарту үшін — балық, лимон, киви, сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, қаражидек (черника), саумалдық (шпинат) көбірек жеу керек. Одан бөлек, жанардың жақсы көруіне не істеу керек толығырақ тоқталсақ

Көз жанның айнасы. Біз күнделікті ақпараттың 90% көзбен аламыз. Техноогия дамыған заманда біздің тіршілігіміздің негізіне айналып кеткен техникалар біздің жанарымыздың қызметіне едәуір зиян келтіруде.
Көздің ауруларының басты аппараттардан шашылатын көгілдір жарықтардың әсерінен болады.

Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша көз ауруларының ген арқылы тарайтыны анықталған.Departament of Ophthalmology ата-анасының екеуі де миопиямен ауыратын 7 жасқа дейінгі балалар арасында зерттеу жүргізген. Нәтижесінде 45 %-ының көздері нашар көруі генетикадан тарааны анықталған.
Көз жаттығуларын жасау арқылы көз ауруының, нашар көруінің алдын алуға болады. Дегенмен ол ауруды жою үшін емес, алдын алу үшін пайдалы.

Сонымен қатар, компьтер алдында отырғанда бірқатар ережелерді сақтаса да көздің нашарлауын болдырмауға болады.

Атап айтқанда, отырған бөлмеңіздегі шам көзге шағылысатындай жап-жарық болмағаны дұрыс. Экраныңыз анық болуы керек. Монитор терезеге жақын жерде тұрса, терезеде жалюзи болғанын қадағалаңыз. Жарықтың экранға оң жақтан түскені дұрыс.

Монитордың жоғарғы жағы көзіңізден төмен орналасуы керек. Экран мен көзіңіздің арасы 50-70 см болғаны жөн. Қолыңызды созған кезде, қолыңыз мониторға сәл-пәл жетпей тұруы керек. Ода бөлек, көз гигенасын да сақтау керек.
Көз ауруларының түрлері көп. Оның ішінде жиі кездесетін көз ауруларына: маусымдық аллергиялық конъюнктивит, астигматизм, миопия және гиперметропия жатады. Бұл аурулар кезінде уақытылы тексеріліп емін қабылдап отыруы керек.

Егер көзіңіздің алыс-жақынды бұлыңғыр көретінін байқасаңыз тез арада офтальмологқа көрініңіз.