Аделайда Пчелинцева — халықаралық турнирде қос алтынның иесі атанды

Елімізде су спорт түрлерін дамытуға мол үлесін қосып келе жатқан білікті басшы Денис Жәрменов басшылық жасайтын Түркістан облыстық су спорт түрлерінен олимпиадалық резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің талантты шәкірті халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.
 
Словенияның Крань қаласында дүниежүзінің ең таңдаулы саңлақтары олимпиаданың бағдарламасына енген суға жүзуден халықаралық турнирде бас қосты. Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған түркістандық дарынды спортшы Аделаида Пчелинцева 50 метрге дейін брасс әдісімен жүзуден алтын медаль иеленіп, жеңімпаз атанды. Аделайда сонымен қатар, әлемнің мықтылары күш сынасқан додада 100 метрлік брасс әдісімен де бас жүлдені жеңіп алып, Қазақстан Республикасындағы 2009 жылғы рекордын жаңартты.