ҚАРИЯЛАР — АҚЫЛЫ ТЕҢІЗ ДАРИЯ

25 қазан Республика күніне орай, 1 қазан- Халықаралық қарттар күніне қарсы кітапханамызда » Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты дивертисмент кеші өтті. Бұл күн- аталар мен апалардың, ата- аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдар мерекесі. Кешімізге қаламыздың асыл аналары, әжелеріміз қонақта болды. Кешімізге әдебиетші, сыншы, публицист, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек Сәрсенұлы қатысып, барша қария аналарымызды мерейлі мерекелерімен құттықтады. Қаламыздың асыл апаларымыз өскелең ұрпаққа тілектерін айтып, баталарын берді. Шара соңы мерекелік кешке ұласты