МҰХИТ ОТАРШИЕВ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ АРАЛАП, КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу сауапты іс. Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Әлімтау ауылдық округіндегі көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасылардың үйлеріне арнайы барып, сұқбаттасып, демеушілер есебінен азық-түлік себеттерін табыстады.
Әрбір тұрғынның тұрмыс жағдайымен танысқан аудан басшысы өтініштеріне құлақ асып, пікірлерін тыңдады. Ұсыныстар мен өтініштер назарға алатынын айтты. Сондай-ақ алдағы уақытта да демеушілер арқылы тұрмысқа қажетті заттар мен әлеуметтік көмектер көрсетілетінін жеткізді.