Мүмкіндіктерді теңестіретін “Тең қоғам”

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қоғамды дамыту мәселелерін жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында назарға алып, тапсырмалар беріп келеді. Нәтижесінде, жергілікті басқару органдары шешім қабылдау барысында көпшіліктің ұсыныс-тілектерін назарға алып, қадам жасап келеді.

Осы ретте, мүмкіндігі шексіз азаматтарға бөлінген көңілде ілгерілеу бар екенін атап өтуіміз керек.

Соның бір айғағы, Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар жандарды әлеуметтік қолдау мақсатында «Тең қоғам» орталығы ашылған болатын.

Халықтың әлеуметтік әлсіз тобына тиісті көмек көрсету – қоғам міндеті. Осы орайда орталық әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және жұмысқа орналастыру бойынша төрт бағытында жұмыс жасайды.

Бүгінде бөлімшеден қызмет алушы ерекше жағдайдағы кәсібін ашуға үміткер 37 азамат тіркеліп, оның ішінен 17 азамат «Бизнес бастау» жобасына қатысып, арнайы тестілеуден өтіп, сертификаттарға қол жеткізді.

Сертификат алған азаматтар қазіргі таңда арнайы комиссияның қабылдауында өздерінің бизнес жобаларын қорғауда.