Рим Папасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен күздің алғашқы айында Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен 13-15 қыркүйекте келеді.

Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнебайланыс режимде Рим Папасы Францискпен келіссөз жүргізген.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды.