«Қазақ чемпиондары көбейе берсін»: Головкин Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтады.

«Жақсы жаңалық, Жәнібек Әлімханұлын құттықтаймын. Қазақ чемпиондары көбейе берсін! Құтты болсын!», — деп жазды Геннадий Головкин Twitter парақшасында.

Көп күттірмей Жәнібек Әлімханұлы да «Рақмет, аға», — деп әйгілі отандасына жауап берді.