Ауыл тұрғындарының мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімі Бағлан Батыршаев 21 қаңтар мен 3 ақпан аралығында ауданымызға қарасты 10 ауыл округті аралап, ауыл, елдімекендердегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамдық-саяси ахуал, шағын-орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздықты азайту мақсатында жергілікті тұрғындармен жеке қабылдаулар өткізді.

Жеке кездесулер барысында 111 азамат қабылдауда болып, 204 мәселе көтерілді.

Оның ішінде 67 талап-өтінішке сол сәтте түсіндірме берілсе, 137 мәселе назарға алынып, уақытылы орындау үшін тиісті мекемелерге жолданды.

Аудан басшысының тікелей тапсырмасы бойынша мәселелерді кезең –кезеңімен шешу бойынша жоспарлар қабылданды.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.