Бақыт кілті еңбекте

Темірландағы Жастар сарайында «Еңбек- ердің мұраты» жобасы аясында тәжірибелі қоғамдық ұйым жетекшілерімен кездесу өтті.

«Ауданның құрметті азаматтары» Ертаева Рымкул, Абулдаева Сәлима, Әріпханова Ұлғаным апайларымыз өмірлік және еңбек тәжірибелерімен бөлісті.

Елге сыйлы апайларымыздың 30 жылға жуық қоғамдық негізде атқарып жүрген қызметтеріне әйелдер, іскер әйелдер, қыздар кеңестерінің төрайымдары, жастар тарапынан ризашылықтарын білдірді, құрметтер жасалды. Апайларымыздың қоғамдық жұмыспен қатар, шығармашылықпен айналысатынын білдік, әсіресе, сексеннің сеңгіріне шыққан Рымкул апайымыздың кереметтей би билеуіне көпшылік риза көңілдерін білдірді, жібек жіптен орамал тоқитын өнерін кездесуді ұйымдастырушы ретінде иығыма жапқан орамалдан таныдың, таңдануымызды жасыра алмадық!

Алланың түрлі сынақтарынан сүрінбей өткен, бейнеттің зейнетін көріп отырған, жастардың алдында жарқырап, жол көрсете беріңіздер, қымбатты апайларымыз!!