Су құбыры жөнделді

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қаладағы ірі жобалардың бірі Т.Рысқұлов-Д.Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы мердігер мекеме «Bazis Construction» ЖШС тарапынан жүргізілуде.

Аталған жұмыстарды жүргізу кезінде Т.Рысқұлов көшесінің бойында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты су құбырына зақым келтірілді. Қазіргі таңда су құбырына келтірілген зақым қалпына келтірілді, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету тоқтатылған жоқ. Құрылыс жұмыстары өз жалғасын табуда.

Құрылыс жұмыстары қаламыздағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін сақтау және орталық көшелердегі автокөлік қарқындылығын төмендету бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар екендігін ескере отырып, тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырамыз.

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...