«Сақ болыңыз — улы газ» акциясы жалғасуда

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарымен бірлесе аудан аумағында тұрмыстық газдан уланудың алдын алу акциясын қолға алған болатын.

Бүгінде «Сақ болыңыз — улы газ» акциясы барысында көпқабатты және жеке үйлерге, жатақханаларға уланудың ең көп тараған себептері, оның белгілері және газбен улану кезіндегі алғашқы жәрдем туралы жазылған ақпараттық-түсіндірме брошюралары таратылуда.

Аталған жұмыстар Әл-Фараби ауданы аумағында көктем мезгіліне дейін тұрақты түрде жүргізіледі.

Үйлер мен пәтерлерде жанып тұрған газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға, олардың қалыпты жұмыс істеуіне үй иелері жауапты екенін есте сақтаған жөн.