Қала әкімі Б.Момышұлы көшесі жөндеу жұмыстарын тексерді

Шымкент қаласында биыл 182 көше мен 21,9 шақырымдық 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған.

Қала әкімі М.Әйтенов жол құрылысы нысандарының бірқатарын аралап, жұмыс барысын бақылады. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысанның бірі – қала орталығындағы Б.Момышұлы көшесі.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 95 пайызы біткен. Бұл көшеде орташа жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілген болатын.