Бюджет есебінен салынған 57 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов хабарлады.

Оның айтуынша, биылғы жылы қалада бюджет есебінен 479,9 мың шаршы метрлі 5 912 пәтерлі 97 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

— коммуналдық 122,2 мың шаршы метр 1 656 пәтер 26 үй;

— кредиттік 251,9 мың шаршы метр 3 176 пәтерлі 53 үй;

«Shymkent» ӘКК 105,8 мың шаршы метр 1 080 пәтерлі 18 үй. Жыл соңына дейін 298,6 мың шаршы метрді құрайтын 57 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда.

Ол 3 512 пәтер. Одан бөлек, ағымдағы жылы 1 580 пәтер сатып алу жоспарланған.

— Жұмысшы жастарға 900 пәтер;

— Көп балалы аналарға 444 пәтер;

— Халықтың әлсіз топтарына – 236 пәтер.

Биыл қалада тұрғын үй құрылысы 11,4 пайызға артып отыр.