Астанада Қажымұқан Мұңайтпасұлына ескерткіш орнатылды (видео)

Бұған қоса сол маңдағы спорт кешеніне батыр баба есімі берілді. Салтанатты шараға қоғам қайраткерлері, спорт ардагерлері және халық қалаулылары қатысты.

Балуанның немерелері де келіп, өз ілтипаттарын білдірді. Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған бастамалар бұнымен бітпейді. Жыл соңына дейін тағы бірақтар мәдени және спорттық шара ұйымдастырылады. Мерейтой аясында «Қажымұқан» көркем фильмі түсіріліп, күш атасының пошта маркалары да шығарылды.

«Хабар 24» телеарнасы