Әлем чемпионатына баратын боксшылар құрамы белгілі болды

Ұлттық құраманың екі оқу-жаттығу жиыны мен спарринг қорытындысы бойынша кейбір салмақ дәрежелерінде Сербияда өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан намысын қорғайтын боксшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Xnews.

Қайрат Сатжанов бастаған жаңартылған жаттықтырушылар штабы келесі құрамды таңдады:
48 кг. Теміртас Жүсіпов.
51 кг. Сәкен Бекбосынов.
54 кг. Махмуд Сабырхан.
57 кг. Серік Теміржанов.
60 кг. Саматәлі Төлтаев.
63,5 кг. Санатәлі Төлтаев.
67 кг. Абылайхан Жүсіпов.
71 кг. Асланбек Шымбергенов.
75 кг. Нұрқанат Раймс.
80 кг. Нұрбек Аралбай.
86 кг. Бек Нұрмағанбет.
92 кг. Айбек Оралбай.
+ 92 кг. Нұрлан Сапарбай.

Қазақстан құрамасының капитаны болып Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, екі Олимпиаданың қатысушысы Абылайхан Жүсіпов тағайындалды.

Бокстан ерлер арасындағы 2021 жылғы Әлем чемпионаты 24 қазан мен 6 қараша аралығында Сербияда өтеді.

x

Check Also

Жетісайда биыл заманауи теннис орталығы ашылады

Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» ...

Биыл Түркістанда жаңа 5 спорт кешені пайдалануға беріледі

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, ондағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. ...