« Жер жұмағы –ен дала, ел сұлуы –қыз бала»

№80 ІТ мектеп-лицейінің кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, оның ішінде зорлау сипатындағы
қылмыстардың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында айлык іс- шаралар топтамасы өтуде.
Осыған байланысты Елбасының « Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында « Жер жұмағы –ен дала, ел сұлуы –қыз бала» атты семинар –кеңес болып өтті.
 
Бүгінгі іс –шараның мақсаты:
Қоғамдағы қыз бала тәрбиесіне жете мән беру, қазақ қыздарының бойына барынша ұлттық салт –дәстүр, тәлім –тәрбиені меңгерту, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, ерте жүктіліктің , аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу .
 
Бүгін бізде қонақта : Шымкент қаласы әдет –ғұрып және салт –дәстүр орталығы маманы Райхан Сапарқызы Алтыбаева , ҚР мәдениет қайраткерлері Айман Қарсыбаева, Марина Ілес және М. Әуезов университетінің аға оқытушылары Майра Ормолдаева , Ләйлә Жұмабай мен мектептің ата –аналар комитеті төрайымы Жамал Рахымбердиева , ардагер –ұстаздар Бахыт Қазыбекқызы болды. М. Әуезов университетінің аға оқытушылары Майра Ормолдаева және Ләйлә Жұмабай « Қызды оң босағаға шығару» деген әдемі салт –дәстүрді көрсете отырып , қазақтың өнегелі дәстүрін насихаттады. ҚР мәдениет қайраткерлері Айман Қарсыбаева , Марина Ілес « Қобыз-қазақтың ұлттық аспабы» тақырыбында ой толғап, қобыз үнімен оқушыларды сусындатты.