Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады.

«Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша. Бақытты әрі берік шаңырақ — еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады», — деп жазды Президент Twitter-де.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*