Тіл – татулық тірегі!

Ана тілі – ұлттың жаны. Тілдің сақталуы мен дамуы – ұлттың өрлеуі. Тілдерді сақтау – сол халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауды білдіреді. Өйткені халық тағдыры тіл тағдырымен тікелей байланысты. Тіл – кез келген ұлт мәдениетінің өзегі. Сондықтан да тілдің сақталуы ұлттың дамуы мен болашағын анықтайды. Тіл адамдарды біріктіреді, тәрбиелейді, үйретеді, салт-дәстүрлерін сақтайды. Шымкент қаласы Әдістемелік орталықта 2021 жылдың 06.09-30.09 аралығында жылдық жұмыс жоспары негізінде гуманитарлық пәндер (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және өзбек тілі мен әдебиеті) педагогтері арасында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында (аралас форматта) айлық іс-шара басталды.
Айлық іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді кеңінен қол¬да¬нуды насихаттау, тіл-тату¬лықтың, достықтың тетігі, тәр¬биенің көзі, халықты бі-ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын¬дыру және оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту.
27.09-30.09.2021 аралығында өзбек тілі мен әдебиеті пәні апталығы. Тілдер мерекесіне орай білім беру ұйымдарында іс-шара жоспары бекітіліп, жоспар негізінде оқушыларларды ана тілімізді құрметтеуге, халықты бі-ріктірудің маңызды факторы мемлекеттік тіл екенін өскелең ұрпаққа ұғын-дыру және оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүйелі үйлесімдік табуда.