Қажымұқанның көйлегі табылды (2014)

Күш атасы Қажымұқанның көйлегін жетпіс жыл рахаттанып жамылған Рахат аға Ұлылар, ұлыларға жөн сілтеп тұратындай.

Былтыр Ұлы хан Абылайдың 300 жылдық тойы дайындығымен жүріп Ақмола облыстық Ұлттық спорт мектебінің директоры Марат Хойшиннің кабинетінде, үстел үстінде жатқан Көкшетау қалалық «Степной маяк» газетінің бетіндегі, орасан үлкен көйлек киіп тұрған адамның суреті көзіме оттай басылды. Мараттан сұрасам ол, күш атасы Қажымұқанның көйлегі Көкшетауда тұратын Рахат Көбелеков деген ағайда сақтаулы деді. Мекен жайын сұрап беруді өтіндім, ана мынамен жүріп уақыт өте берді. Бірақ, іздеген табады. Рахат ағаны таптым. Сәл сырқаттанып қалған екен. Бірақ мені жайдары қарсы алды.

— «Әй доктор, ничего, ничего, абажий, я знаю» деп, баланы бесіктен шештіріп, көтеріп алады. Көтеріп тұрып, «Бисмиаллаһ» деп, біршама сөйлесе керек. Діннен алыстаған қазақтар күш атасының не айтқанын қайдан білсін. Көргендердің айтысы: — «Аман болып, мендей балуан бол. Бұл менің балам. Аты Рахат болсын» — дегені, ғана естерінде қалады. Баланың аузына түкіріп, көйлегін шешіп баланы орап Ақбөпеге қызуы басылғанша шешпе деп, ұстатады. Аңтарылған елге қарап Барыс тойыңды бастай бер. Балаң ештең етпейді, сауығады. Доктор келіншекке «За здоровье» деп, бір екі стаканды қағып жіберіп үйіңе қайт деп — балуан, таудай болып, шекпенін желбегей жамылып, малдас құрып, өз жанынан шығарған өлеңін оқыпты. Шілдехана тойланады. Бала тыныш ұйықтайды. Содан бала сауығып, өсе береді. Осылай Рахат ағамыз Қажымұқанның көйлегіне ие болып қалыпты.

— Міне 70 жылға таяу жастанып, жамылып жатып жүрмін. Көйлекті көргенде көңілім марқайып, қолпитып киіп алғанда өзімді теңдесіз алып адамдай сезінемін — дейді, Рахат аға рахаттанып.

Көйлек қолмен жөрмеп бөзматадан тіккен. Машинамен тіккендей, тігісі білінбейді. Қызықтап жай ғана өлшедік. Көйлектің жағасы 58 см, екі иығының арасы 76 см, кеуде тұсының жалпы ұзындығы 2 м екен. Бұл көйлек жайлы 1980 жылы Жанайдар Мусин біреулерден біліп «Көкшетау правдасы» және одақтың орталық газеттеріне журналист Тайлақ Жалмүрзеновке материал дайындатып жариялатқан екен. Бірақ, совет кезінде Қажымұқанды қазақтың бір туар ұлы, ұлтшылы ретінде көрсету сотталумен, соттатумен бірдей болғандықтан, көйлек жайлы ғана жазылыпты. Осы хабарды естіп білген поляк балуаны Диновецкий деген Польшадан Қажымұқанның көйлегін көруге әдейі келсе керек. Кезінде Украйнаның бір ауылынан тоғыз жасында күшімен көзге түскен поляк Диновецкийді И. Под дубныймен Қажымұқан тәрбиелеп шәкірт етеді. Сол Диновецкий Қажымұқанның аруағын силап әдейі Польшадан келіп, ойын көрсетеді. Көйлекті көреді. Көйлекті бетіне басып ұзақ жылапты. Қандай асыл ағалар едіңдер, заман алмағайып болып тоз-тозымыз шықтығой деп, аһ ұрыпты. Көйлекке қолқа салған бірақ Рахаттың әкесі бере алмайтынын айтқан. Одан кейінде көйлекке құда түскендер көп екен.

Бұл көйлек екеуміз жетпіс жыл бірге жасастық Жас ұлғайды. Керек жер болса тапсырамыз. Ел көріп игілігіне жаратсын. Сақтауда қиындап барады деп, Рахат ағамыз сөзін аяқтады. Расында қазақтың бір туар ұлы, күш атасы, ұлт қаһарманы Қажымұқанның көйлегі сынды құнды жәдігер, ел жұрт көретін ұлттық мұражайда тұрса, ел игілігіне жарайтыны даусыз.

Дахан ШӨКШИР, shyn.kz
«Алаш айнасы» сайты (27.12.2014ж)