Бекзатты еске алуға арналған турнир өтті

Түркістанда бокстан олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Аламан жарысқа елімізің барлық аймағынан және көршілес Өзбекстан елінің былғары қолғап шеберлері қатысып, мықтыларын анықтады. Небәрі 20 жасында Сидней олимпиадасында атой салып, алтын медаль жеңіп алған Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир биыл осымен 16-рет ұйымдастырылып отыр.

Рингтің көркін қыздырыпжатқан жарысқа   қатысушы   әрбір  жас  боксшының бір ғана арманы бар.Ол Бекзат  ағасындай   олимпиаданың  шыңын  бағындырып,  елімізді  төрткүл  дүниеге  таныту. Жарысқа  арнайы  келген Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жас спортшыларға тілегін білдірді.

Нұрбол Тұрашбеков – Түркістан қаласының әкімі

Бекзат бауырымыздың арыстандай айбатты Сондай ер мінезді екенін әлемге паш етті.

Республикамыз  бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент,Кентау  қалалары  мен Түркістан, Қызылода, Алматы  облыстарынан  келген  жастар жекпе-жекке  шығып, өзара  мықтыны  анықтауда. Жарысқа келгендер Бегзаттай саңлақ спортшыны сағынышпен еске алды.

Ғаппар Сәрсенбаев – Түркістан қалалық мәслихатының депутаты

Бауырымыздың ғұмыры қысқа болды. 2000-ші жылы дүниеден озды. Жастар ағасына еліктеп өсіп келе жатыр.

Командалық есепте Түркістан облысының жастар құрамасы белсінділігін танытуда. Дегенмен жарыс әлі алда. Себебі еліміздің барлық аймақтарында бокс өнері қарқынды дамуда. Жарыста жеңіс тұғырынан көренетін барлық спортшыларға алнайы алғыс хат пен сыйлықтар бар. Сонымен қатар командалық есепте үздіктер анықталады.