5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні!

Елімізде Қазақстан халқы тілдері күні 1998 жылғы 20 қаңтарда республика президентінің жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі етіп бекітілген болатын. Мақсаты — сан ғасырлық құндылықтарды сақтау.
Ал 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданды. Заң бойынша мемлекеттік тіл — қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді.
Осы уақытқа дейін 22 қыркүйек күні тойланатын мейрамның 2017 жылы датасы өзгерді. Бұдан былай мейрам 5 қыркүйек күні аталып өтіледі.
Мейрамның жаңа датасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп таңдалып алынған. 1873 жылдың 5 қыркүйегінде қазақ тіл білімімен және әдебиеттануымен айналысқан ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Ол қазақ тіл білімінің негіздерін, грамматиканың ғылыми терминологиясын жасаған.
Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған. Осы арқылы халық өзіне керегін алып, білім қоржынын кеңейтеді.
Бұл мерекенің негізгі мақсаттары:
қазақ тілін ұлттар арасында дамыту мен насихаттау
қазақ мәдениеті мен дәстүрін насихаттау
көпұлтты мемлекеттің тұтастығын, ынтымағын қалыптастыру
жас буынды өзге ұлттардың дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметін дамыту.