Дәулет Тұрлыхановтың жүлдeciне арналған грек-рим күресiнен жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирiнде қатарынан бір неше жыл бойы, Қ. Мұңайтпасов мектебінің түлектері үнемі, жалпы командалық есепте, бірінші орынды иеленуде!

«Қажымұқан» атындағы спорт кешенінің тәрбиеленушілері халықаралық аренада үлкен нәтижелерге қол жеткізуде

Тәуелсіздік жылдары «Қажымұқан» атындағы спорт кешенінің тәрбиеленушілері халықаралық аренада үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Кейін кешен Қажымұқан атындағы олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған облыстық мектебі болып өзгерді. Бұл мектеп олимпиада ойындарының жүлдегерлерін, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындап шығарды.

Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектебі 2000 жылы ашылды. Оқу — жаттығу жиыны спорттық базада өтеді. Мұнда 2 бокс залы, ауыр атлетика, баскетбол және күрес залдары жұмыс істейді. Мектеп жанында футбол корты, баскетбол алаңы және гимнастика орталығы орналасқан. Бұл нысандарға осы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жасұлан Оспанов, Қажымұқан атындағы Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған облыстық мектебінің әдіскері:
Осындай 3 бөлімше арасында футболдан шағын турнир өткізуді дәстүрге айналдырдық. Бізде баскетболшылар, ауыр атлеттер, боксшылар ойнайды. Бұл футбол алаңында тек біздің спортшылар ғана емес, жақын маңдағы жергілікті тұрғындарда ойнай алады.

Спорт мектебінің тәрбиеленушілері арасында Руслан Мусинов, Мария Грабовецкая, Ирина Некрасова, Дина Жоламан, Михаил Макеев сияқты танымал спортшылар бар. Олар халықаралық аренада ел намысын бірнеше мәрте лайықты қорғады.

Владимир Ледер, бокстан әйелдер құрамасының бапкері:
Біздің спортшыларымыз республикалық маңызы бар жарыстарға шықты. Біздің 2 қызымыз Анастасия Гусева мен Жанна Сабыржан Атбасар қаласында Республикалық турнирде жүлдегер атанды. Біз әлі де жаңа чемпионаттарды дайындап жатырмыз.

Бүгінгі таңда спорт мектебінде 700-ден астам адам жаттығады. Олармен Қазақстан Республикасының жоғары санаттағы еңбек сіңірген жаттықтырушылары жұмыс істейді.

Дереккөз: «Kókshe» телеарнасы