Ордабасы тауында сенбілік іс-шарасы өтті

Бүгін аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Эко Ордабасы» экологиялық қозғалсы алғашқы тазалық шарасын қасиетті Ордабасы тауынан бастады.

Сенбілік шарасына аудан әкімі Бағлан Батыршаев қатысып, туған өлкесін таза ұстауға ұмтылған жастардың жақсы бастамасына сәттілік тіледі.

«Игі шараның ұлт тарихында маңызы зор Ордабасы тауында өтуі құптарлық дүние. Әрбір азамат Сіздер секілді туған үлкесін таза ұстауға ниетті болса, табиғатымыз тазарып, айналамыз ажарлана түсер еді. Экологиялық қозғалыстың алдағы іс-шараларына да үзбей қатысып, ауданымыздың тарихи, мәдени орындарын тазалауға өз үлесімді қосамын», деді аудан әкімі.

Ауданға қарасты барлық ауылдық округтерден келген 100-ге тарта еріктілер мен белсенді жастар Бадам ауылдық округінде орналасқан «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығы аумағын тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартты.

Қорық аумағындағы ағаштарды ағартып, ондағы өсімдіктерді суарды.

Аталған тазалық шарасына 2 техника жұмылдырылып, жиналған қоқыстар арнайы полигондарға жеткізілді.

Айта кетерлігі, жаңа құрылған жастар қозғалысы тек тазалық шарасымен ғана шектеліп қалмай ауданымыздың тарихи, мәдени, туристік бағыттағы орындарын әлеуметтік желі арқылы ел-жұртқа жария етуге атсалысады.

Осылайша, тоғыз жолдың торабында орналасқан Ордабасы ауданының туристік маршрутын жасауға үлес қоспақшы.

Дереккөз: Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Нұралхан Көшеров ҰОС ардагерінің отбасына арнайы барып құттықтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен ...

Түркістан: Жеңіс күні қарсаңында Райымбек Сейтметов театрында жаңа қойылым көрерменге жол тартты

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында Жұмекен Нәжімеденовтың «Хат тасушы» қойылымы сахналанды. Қойылымда ...