Алматы маңында ҰҚК-нің әскери ұшағы апатқа ұшырады

Бүгін Ан-26 әскери ұшағы Алматы маңында қону кезінде апатқа ұшырады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 13 наурызда сағат 17: 25-те Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінен сағат 17: 22-де Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан AН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы әуежайына шұғыл қонғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, төрт адам қайтыс болды, екеуі жарақат алып, алматылық No4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Министрліктің хабарлауынша, оқиға орнында Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің 10 жедел-құтқару жасағы жұмыс істеді.

Сондай-ақ, апат болған жерде Алматы қаласының төтенше жағдайлары департаментінің, Алматы облыстық ТЖД-ның, әуежай қызметі, ҚР ТЖМ РШҚО-ның, «109» құтқару қызметінің 45 қызметкері мен 15 техникасы жұмыс істеді.

Отқа оранған ұшақ өрті сағат 18: 02-де сөндірілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Сауда министрлігі әлеуметтік тауарлар бағасын бақылауды күшейтеді – өңірлерде жәрмеңкелер көбейеді

ҚР Сауда және интеграция министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдар және әкімдіктермен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы және бағаның өсімін ...

ТОО «Пакетная фабрика» получило льготное финансирование на развитие переработки бумаги

АО «Жасыл даму» предоставляет финансирование в виде займов под 3% годовых сроком до 15 лет с отсрочкой по выплатам до ...