Астрономдардың болжамына сай, 4 шілдеден бастап тамыз айына дейін Күн жүйесіндегі планеталардың бір сызық бойымен қатар тұрған шеруін көруге болады.
Анықталуынша аспан әлеміндегі 8 планетаның барлығы бір түзу бойына қатар келуі 170 жылда бір рет болар сирек құбылыс болып, онда планеталар Күннің бір жағына бір уақытта қатар тізіледі.
Ғалымдардың божамынша дәл осы құбылыс 2020 жылдың 4 шілде күніне тура келеді екен. Осы күні Күн жүйесінің барлық планеталары — Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун бір түзу бойында сап түзейді. Бірақ Уран және Нептунның тым алыс болғандығынан оның көзбен көру мүмкіндігі болмас, алайда Юпитер, Сатурн, Марсты түде ал, таңға жуық Венераны (Ташкент уақытымен 04:00де) көруге болады. Күнге жақын орналасқандықтан Меркурий шілденің 22 жұлдызына барып байқалады.
Күн жүйесінде орыналаын астрономиялық оқиғаларда, үш планета бір мезгілде жылына екі рет, төрт планета — жылына бір рет, бес планета — әрбір 19 жылда бір мәрте және Күн жүйесінің барлық сегіз планетасы — шамамен 170 жылда бір рет түзу бойына қатар келу құбылысы күзетіледі екен.