Республикалық байқауда шымкенттік мемлекеттік қызметші үздік деп анықталды

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Бүгінгі кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаған департамент басшысы А.Көмекбаев жеңімпаздарды «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен марапаттады.

Еске салсақ, онлайн режимде өткен республикалық деңгейдегі конкурсқа қаламыздың мемлекеттік органдары арасынан 48 білікті де, білімді мамандар құжаттарын тапсырған.

Қатысушылардың жұмыстары екі номинация — үздік эссе/мақала, үздік бейнеролик бойынша бағаланды. Осылайша, ең жоғарғы ұпай жинаған 3 мемлекеттік қызметшінің құжаттары республикалық конкурсқа жолданған.

Еліміз бойынша байқауға қатысқан мемлекеттік қызметшілердің ішінен 10 азамат үздік деп танылды. Олардың қатарында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Қапалбаева Ақжібек те бар.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен Төтенше жағдай кезінде үздіксіз қызмет ете отырып, карантин мерзімінде үлкен үлестерін қосқаны үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталды.

Айта кетейік, жалпы бүгінгі таңда Шымкент қаласында 1932 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде 965-і әйел азаматы болса, 29 жасқа дейінгі жас қызметшілер – 471-ті құрайды.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан: Түлкібаста мектеп қабырғасында Ұлы Отан соғысы ардагерінің музейі ашылды

Түлкібас ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрлыбай Қасымбековтің құрметіне орай, туып-өскен ауылы Абайыл елді мекеніндегі ардагердің есімі берілген Қасымбеков ...

Түркістан: Арыстықтар тыл ардагерлерін жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Жеңістің 80 жылдығына орай Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, Мемлекет басшысының атынан мерекелік медальдар мен ...