Месячные архивы: Май 2020

Халық үніне құлақ асатын мемлекет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде қала әкімі Мұрат Әйтенов көп уақытын тұрғындармен кездесіп, елді мекендердің жағдайымен жақыннан танысуға арнап жүр. Халықпен кездесу барысында көтерілген түйткілді проблемаларды тыңдап, олардың шешу жолдарын қарастыруда. Мәселен, осыдан біраз уақыт бұрын қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Нұрсәт шағынауданындағы №18, 19 көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездескен болатын. Онда тұрғындар 2016 жылы салынған ...

Читать далее »

Шымкент: «2-10-20» тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатына өзгеріс енгізілді

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Шымкент қалалық филиалы “2-10-20” бағдарламасы бойынша өтінімдер 18 мамыр мен 30 мамыр аралығында қабылданады. Қазір бағдарламаға қатысушылар санатына өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғ. Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Биыл “Бақытты отбасы” тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болатындар саны артатыны белгілі. Себебі, бағдарламаға қатыса ...

Читать далее »

Қазақстандықтарға 22:00-ден 09:00-ға дейін шулауға тыйым салынады

Қазақстандықтарға кешкі сағат 10-нан таңғы 9-ға дейін шулауға тыйым салынуы мүмкін. Бұл заң жобасын парламенттің төменгі палатасы депутаттары мақұлдады. Құжат сенат қарауына жіберілді. Мәжілісмендер «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» жобасының кодексін қарастырды. Құжатта қоғамда талқыға түскен міндетті екпе мен донорлықтан басқа, елдегі тыныштық уақытының ұзақтығын реттейтін норма өзгертілді. Бұл талаптарды барлық азаматтар мен фирмалар сақтауы тиіс. Қазір заңға сәйкес ...

Читать далее »

Шымкентте жұмысын қайта бастаған нысандардың тізімі

Шымкент қаласында 11 мамырдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше шағын және орта бизнес нысандары мен қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық көліктер мен сауда базарлары жұмысын қайта бастады. Олар: Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтық объектілер: сауда, қызмет көрсету, қаржы және т.б.Өнеркәсіптік аумақтар, әуежай, аулалық балалар алаңдары және басқа да объектілер санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізе отырып;Медициналық орталықтар қызметі, жазылу бойынша;Сауда-ойын ...

Читать далее »

Шымкентте коронавирустан сауығып шыққан науқастардың саны 150-ге жетті

Шымкентте бүгін коронавирус инфекциясынан 150-ші науқас емделіп шықты. Дертінен сауыққан азаматша 2007 жылғы қала тұрғыны. Ол екі аптадан аса дәрігерлердің бақылауында болып, бүгін ауруханадан үйіне шығарылды. Соңғы екі тәуліктің ішінде Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан 20 науқас емделіп шықты. Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың арасында 90 жастағы әжей бар. Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 150 науқас ...

Читать далее »

Шымкентте спорт мектептері жұмысын бастайды

Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды. Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек: кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау;температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеу;кіреберісте, холлда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;адамдар жиналуы мүмкін «күту аймағын» болдырмау, олардың арасында ...

Читать далее »

Шымкентте қала әкімі карантин кезінде қоғамдық жұмысқа тартылған 100 сарбазға алғыс хат табыстады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде еңбек еткен 100 сарбазды марапаттап, алғыс хатын табыстады. Естеріңізде болса, төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласында 100 сарбаз әскер қатарына шақырылып, қаланың қауіпсіздігі мен дезинфекция жұмыстарына жұмылдырылған болатын. Қауіпті дертпен күресте белсенділік танытқан сарбаздарды марапаттау барысында ...

Читать далее »

Шымкент дендросаябағы Асанбай Асқаров есімімен аталады

Шымкент дендросаябағы – қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Қалаға қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Мұнда бір мезгіл бой сергітіп, таза ауамен тыныстап қайтатындардың қатары көп. Бүгінгі таңда Шымкент дендрологиялық саябағы Асанбай Асқаровтың есімімен аталады. Жаңа атау қала әкімінің бұйрығымен бекітілген. Алғаш рет дендросаябаққа қоғам және мемлекет қайраткерінің есімін беру туралы ...

Читать далее »

Шымкенттік журналистер мақтааралдық балаларға теледидар сыйлады

Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр бастаған бір топ журналистер бүгін арнайы Мақтаарал ауданына барды. Сапар барысында БАҚ өкілдері қашықтан білім алып жатқан балаларға теледидар тарту етті. Сондай-ақ ауыл балаларына 5 мың дана балмұздақ үлестірді. Оған қоса көпбалалы аналарға қаржылай да қолдау білдірді. С.Жанәбіл, Ғ.Зиябек, Ә.Әссанди, Б.Тайжан, Е.Әмірбек, Б.Түйетаев, А.Сүлеева, Қ.Ботабеков, Т.Фазылбек, Д.Әбдіраманов, Т.Балтабаев сынды қаламы қарымды ...

Читать далее »

Карантин кезінде тұрғын үйді жалға алу бағасы көтерілді

2020 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда тұрғын үйді жалға алу бағасы көтерілді.  Cтатистика комитетінен хабарлағандай, 2020 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату, абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары өзгеріссіз қалды.  Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,8% жоғары болды. Ал бір жылда тұрғын үй нарығында бағаны салыстыратын болсақ, биылғы сәуір айында таза әрленген жаңа ...

Читать далее »

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемкомиссия отырысында сөйлеген сөзі

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. «ҚазАқпарат» ХАА жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзін оқырман назарына ұсынады. Құрметті кеңеске қатысушылар! Соңғы екі ай еліміз үшін оңай болған жоқ. Дағдарыс әлі толық еңсерілмей тұр. Дегенмен, індеттің шарықтау шегінен өттік. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды. Халықтың ...

Читать далее »

Қазақстан мен Өзбекстан премьерлері Мырзакенттегі шағын ауданның құрылысын бастап берді

Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде ӨР Республикасының премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесу өткізді Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде ӨР Республикасының премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды. Үкімет басшылары Мақтаарал ауданының су басқан аумақтарын аралап көрді, сондай-ақ Жаңажол ауылдық округінің Нұрлыжол, Өргебас және Фирдоуси ауылдарында болып, су тасқыны салдарын жою аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен ...

Читать далее »

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: екі ел бір-біріне нота жіберді

8 мамыр күні қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында қарулы қақтығыс болған еді Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығысқа байланысты екі ел наразылық ноталарымен алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қырғызстандық Кабар агенттігінің хабарлауынша, Тәжікстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Ализода Қырғызстанның мемлекеттік шекарасында 8 мамыр күні қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында болған қарулы қақтығысқа байланысты Қырғызстан сыртқы істер министрлігіне шақырылған. Тәжік дипломатына Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі әскери ...

Читать далее »

UFC 249 турнирінде Джастин Гэтжи Тони Фергюсонді жеңді

Джексонвиллде өткен UFC 249 турнирінің басты жекпе-жегінде Тони Фергюсон  мен Джастин Гэтжи жұдырықтасты, — деп хабарлайды Vesti.kz. Жеңіл салмақта уақытша чемпион титулы үшін айқаста Фергюсон бірінші раундта ғана басымдық көрсетті, екінші раундты теңдей деуге келсе, қалған үш раунд Гэтжи қарсыласын соққының астына алумен болды. Нәтижесінде бесінші раунд соңында жекпе-жек тоқтатылып, Гэтжи уақытша чемпион атанды.  https://twitter.com/i/status/1259345355306655744 Justin Gaethje | #UFC249 "The Highlight" (22-2) derrota a ...

Читать далее »

Шымкенттік кәсіпкерлер Мақтааралға көмек жіберді

Мақтааралдықтардың бүгінгі жай-күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бей-жәй қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Xnews. Кәсіпкерлер тарапынан 4 мың адамға қажетті киім-кешектер мен гигиеналық заттар жеткізіп берді. Гуманитарлық көмектің ішінде аяқ-қиім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек және шалбар бар. «Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан Мақтаарал ауданына қиын сәтте ...

Читать далее »

107 отбасы баспаналы болды

Шымкент қаласында 107 отбасыға жаңа баспананың кілті табыс етілді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік парақшасында жариялады. – Бүгін Шымкентте ерекше іс-шара өтті. Тұрғын үй кезегінде тұрған 107 азамат пәтер кілтін алды. Олардың барлығы көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жатқызылғандар. Карантин кезінде адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынғандықтан, баршасына пәтер кілті мен құттықтау хаттарды пошта арқылы жеткізуді ...

Читать далее »

Шымкент қаласының әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтап барды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шымкент қаласындағы 40 майдангерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығы арнайы медалі мен құттықтау хаты табысталды, деп хабарлайды Xnews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мереке қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагері Сәрсен Әбдінұровтың үйіне барып, арнайы медалін тапсырып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Майдангер атамыз 1922 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген. Соғыс ...

Читать далее »

Шымкентте өнерпаздар аула аралап мерекелік концерт өткізді

Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері карантин талаптарын сақтай отырып, 2-3 әншіден әр аулада 15-20 минуттық шағын мерекелік қойылым ұсынды. Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының ұйымдастыруымен шаһардағы соғыс және тыл ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Xnews. Шымкенттік өнерпаздар 10 арнайы безендірілген автокөлікпен қаладағы 40-тан астам аулаға барып, әскери әндер шырқап, ...

Читать далее »

Шымкент қаласының әкімі қос мерекемен құттықтады

Құны қымбат Жеңіс бұл!Қымбатты шымкенттіктер! Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері! Баршаңызды қатар келген қос айбынды мереке – 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл екі мереке де отаншылдық пен патриотизмнің, ерлік пен елдіктің, қаһармандық пен бірліктің біртұтас ұғымына айналған айтулы да айдарлы мейрам. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Ұлы ...

Читать далее »

Шымкент әкімі мектеп құрылысының алғашқы кірпішін қалады

Қаламыздағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесіне қосымша асхана, шеберхана, спорт зал құрылысын бастап кетті. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, ғимарат құрылысына тек отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр екен. Биыл пайдалануға берілуі тиіс ғимараттың қазірде іргетасы құйылған. Бүгін нысанның алғашқы кірпішін Мұрат Дүйсенбекұлы қалады. Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов Н. ...

Читать далее »