Месячные архивы: Май 2020

Блок-бекеттегі апат: Жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істеген

Кеше, Алматы блок-бекетінде екі полиция қызметкерлерінің өмірін жалмаған жол апатына себепкер болған BMW жүргізушісінің құқық қорғау органдарына қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды Xnews ақпарат егенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап. Белгілі болғандай, 1994 жылы туған азамат өз қызметтік міндеттеріне салғырттықпен қарағаны үшін полициядан шығарылған. «Блок-бекетте орын алған жантүршігерлік жол апаты бірден екі полиция қызметкерінің өмірін қыршынынан қиды. Олар үшін құқық ...

Читать далее »

Шымкентте жалған ақпараттың кесірінен балықтың саудасы тоқтап қалған

Шымкентте жалған ақпараттың кесірінен балықтың саудасы тоқтап қалды. 50-ге тарта сауда нысанының сатушылары базынасын айтып, биліктен көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Балық бизнесімен айналысатын кәсіпкерлердің айтуынша, бұған әлеуметтік желіде «Сырдарияның балығы уланған, екі жылға дейін жеуге болмайды» деген жазбаның таралуы себеп болған. Осыдан кейін жұрт балық алуды тоқтатып, базарлар мен сауда нысандарында өнім өтпей қалған. Көп жылдан бері балық ...

Читать далее »

Тоқаев: Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды Xnews. — Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет, — делінеді жазбада. Қазақстанда індет басталғалы коронавирусты осы сәтке дейін ...

Читать далее »

Алматы облысы тұрғыны саяси қуғын-сүргін құрбандарының қаңқаларын тапты (видео)

Аймақты аралап, зерттеу жүргізген ешкімді көрмепті Алматы облысына қарасты Жаңалық ауылының тұрғыны Мұрат Байқожаев үйінің ауласынан әлі күнге дейін адам сүйектерін жинап жүр, деп хабарлайды Almaty телеарнасы. Осыдан екі жыл бұрын облыс тұрғыны кәріз құбырын тартпақ болып, өз үйінің ауласынан адам қаңқаларын қазып алған еді. Табылған мүрделердің саяси қуғын-сүргін жылдары құрбан болған адамдардікі екені де расталған. Ауыл тұрғыны адам мүрделері әлі ...

Читать далее »

2021 жылы коронавирус бақылауға алынбаса, Токио Олимпиадасы өтпеуі мүмкін

Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Токиодағы Олимпиада ойындарын 2021 жылы өткізуге мүмкіндік болмаса, оны тоқтатуға тура келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап. ХОК пен Токио Ойындарының ұйымдастырушы комитеті наурыздың соңында коронавирусқа байланысты жазғы Олимпиаданың 2021 жылға ауыстырылғанын жариялады. Ойындар 2021 жылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтуі тиіс. Алайда, «Токио-2020» ұйымдастырушы комитетінің төрағасы ...

Читать далее »

Мақтаарал ауданындағы елдімекендер толықтай судан тазартылды

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен елдімекендер толықтай судан тазартылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында хабарлады. «Жақсы жаңалығымды бөлісуге асығып отырмын! Мақтаарал ауданында су басқан елді мекендердегі су тартылды. Әкімдіктің, ТЖК, әскери қызметкерлердің және Өзбекстанның ТЖМ өкілдерінің көмегімен қысқа мерзімде суды арнасына жіберу мүмкін болды», — деп жазды Қалқаманов. Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған ...

Читать далее »

Карантинде тойдан қағылған әншілердің гонорары қандай

Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин режимі әншілердің де жұмысына кері әсерін тигізген. Табысының көп мөлшерін той-томалақтардан табатын эстрада жұлдыздары бүгінде қиын жағдайға тап болғандарын жасырмайды. Отандастарының көбісі жұмысқа шыға алмай жүргенін ескерген өнер иелері ән салу үшін сұрайтын гонорар мөлшерін де түсіріп тастаған. Әншілер қауымының қазіргі бағасын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар. Youtube желісіндегі «Рейтинг.KZ» арнасында бірқатар жұлдыздардың тойларда өнер ...

Читать далее »

Коронавирусты емдей алатынын айтқан пастордың өзі COVID-19-дан қайтыс болды

Камерунның Дуала қаласында пастор коронавирусты емдей аламын деп мәлімдеп, алайда өзі ауру жұқтырғаннан кейін бір аптаға жетпей көз жұмған, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап. Пастор Франклин Ндифор (Frankline Ndifor) 2018 жылы президенттікке үміткерлер болған тоғыз кандидаттың арасында жетіншісі болған. Коронавирусты дұға етумен емдеуге тырысқан ол шіркеуге келушілердің кейбіріне көмектеспекші болған. Нәтижесінде Ндифордың өзі инфекция жұқтырып, тыныс ...

Читать далее »

Елімізде коронавирус жұқтырғандар 7 мыңнан асты

Қазақстанда тағы 265 адам коронавирус анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 7234-ке жетті деп хабарлайды Xnews Coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап. Өткен тәулікте 265 адам коронавирус жұқтырып, өсім 3,8 пайыз болды. Жалпы ел бойынша инфекция жұқтырғандар саны — 7234 Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 1403Алматы қаласы – 1966Шымкент қаласы – 508Ақмола облысы – 135Ақтөбе облысы – 233Алматы облысы – ...

Читать далее »

Соңғы қоңырау онлайн соғылады

Биыл түлектердің білім ордасына, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады. Биыл 25 мамырда барлық мектептерде соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. 1 мен 10-шы сыныптарға арналған сынып сабақтары да осындай режимде өтеді. Онда әр сынып бойынша жыл қорытындысы шығарылады, деп хабарлайды Xnews Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, сынып жетекшілері оны қай уақытта, қалай өткізетіндерін өздері шешеді. Ал, маусымның ...

Читать далее »

Қыдырбек Рыспек: Сырттан спортшы шақыру – өзіңде барды бағаламаумен тең

ҚазАқпарат — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ» бөлімінде: «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды»,- ...

Читать далее »

«Өзіміз отырып шай ішіп едік» – карантинде балабақшада түскен фотоның дауы (видео)

Қызылорда облысына қарасты Ақжарма ауылының балабақша меңгерушісі карантин талаптарын орындамағаны үшін жазаланған. Сот айыппұл төлеуге міндеттеген. Бірақ іс мұнымен бітпеген, – деп хабарлайды Astana телеарнасы. Телеарнаның хабарлауынша, даудың басы 14-сәуірде басталған. Карантин енгізілуіне орай, балалар үйге босатылғанымен балабақша қызметкерлері жұмысқа шыққан. Оларды жұмысқа шығаруға ауыл әкімі міндеттеді дейді мекеме меңгерушісі. «Бүлдіршін» балабақшасының меңгерушісі Ақкенже Шамшатова: «Карантинге байланысты бес адамнан артық ...

Читать далее »

Қазақстанда «Көше партиясына» тыйым салынды

Қазақстанда «Көше партиясына» тыйым салынды, деп хабарлайды Xnews  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана қаласының Есіл аудандық сотымен 2018 жылғы 13 наурызда «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (бұдан әрі – «ҚДТ») қозғалысы Қазақстан Республикасының барлық аумағында оның қызметіне тыйым салумен экстремистік ұйым деп танылған. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап тыйым салынған «ҚДТ» көшбасшылары оның атауын «Көше партиясына» өзгерту жөнінде шаралар қабылдады. Бұл жаңа ...

Читать далее »

Тоқаев Бейсен Құранбектің отбасына көңіл айтты

Президент қазақстандық журналист «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларын жүргізіп, халықтың ыстық ықыласына бөленгенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Белгілі журналист, танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. ...

Читать далее »

Тоқаев 67 жасқа толды: президент туралы қызықты деректер

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды. sputniknews.kz-ке шықан мақаланы сілтеме жасап оқырмандарымызға ұсынамыз. Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген. Президенттің әкесі – танымал жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев (1923-1986), ал анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматының шет тілдері институтында қызмет еткен. ...

Читать далее »

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды (видео)

Қазақстан Президенті 17 мамырда 67 жасқа толды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шетелдік әріптестері толассыз жеделхат жолдап жатыр. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады. Қазақстан Президентінің атына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Корея ...

Читать далее »

Елтай тұрғын алабында су тасқынынан қатты зақымданған үйлер жоқ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен табиғи апаттың салдарын жою және алдын-алу жұмыстары бойынша жиын болып өтті. Отырыста қалалық Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов жауын-шашын салдарынан таудан келген судан Елтай тұрғын алабында жарамсыз хәлге түскен үйлер жоқ екенін мәлім етті. Оның айтуынша, тасқын су 38 үйді зақымдаған. Алайда, ол баспаналар тек ағымдағы жөндеу жұмыстарын талап етеді. Мұнан бөлек 12 ...

Читать далее »

Шымкентте «Жол картасымен» жол құрылысына 3 198 адам тартылады

Шымкент қаласында жол құрылысына Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 3 198 адам жұмылдырылмақ. Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Жол саласындағы жұмыстар негізінен қайта құрылымдау мен жөндеу болып бөлінеді. Биыл Шымкент қаласында 10 нысан – 13 шақырым жол, 3 көпір, 1 оң жақ өткел қайта құрылымдаудан өтеді деп жоспарланған. Бұлардың қатарында А-2 автожолы мен Темірлан ...

Читать далее »

Мұрат Әйтенов опера және балет театрының жұмысымен танысты

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов опера және балет театрының жұмысымен танысып, театр ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Онда опера мен балет өнеріне халықты көптеп тартудың жолдары қарастырылып, саланы дамытудағы ойларымен бөлісті. Бұдан бөлек, әкім Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан білікті балет маманын тарту мәселесін де көтерді. Қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосу мақсатында аталған мәдениет ошағы 2007 жылы құрылған болатын. Салтанатты ашылу ...

Читать далее »

Шымкентте су тасқыны қаупі толық бақылауда

Кеше қатты жауған жауынның салдарынан Бадам мен Сайрам су өзендері арнасынан асып, Шымкенттің бірқатар аумағын су басқан болатын. Қазіргі таңда нөсер жауынға тап болған Елтай және Қарабастау елдімекендерінде дер кезінде тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов мәлімдеді. 13 мамырда сағат 19:14 ...

Читать далее »